«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлкеттік органдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұймдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын. 3. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 94/1 қаулысына 1-қосымша
«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|