Жергілікті атқарушы органдардың электрондық (бұлтты) құжат айналымы жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды және бұлтты құжат айналымына көшуді іске асыру және қашықтағы жұмыс орнын қосу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын бекіту туралы
Президент Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6316 ПАБ-12 тапсырмасына, Президент Әкімшілігі Басшысы орынбасарының 2021 жылғы 24 маусымдағы кеңес хаттамасының 5-тармағының 5.2) және 5.3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Жергілікті атқарушы органдарда бірыңғай бұлтты құжат айналымын енгізу мақсатында, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың электрондық (бұлтты) құжат айналымы жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптар бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бұлтты құжат айналымына көшуді іске асыру және қашықтағы жұмыс орнын қосу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітілсін. 3. Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамы Жергілікті атқарушы органдардың бұлтты құжат айналымы жүйелеріне (бұдан әрі - БҚА) қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес жергілікті атқарушы органдарда БҚА енгізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 110/НҚ бұйрығымен бекітілген лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ресурстарға мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтан қосу схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда қашықтықтан жұмыс орнына (бұдан әрі - ҚЖО) қосуды үйлестіруді қамтамасыз етсін, БҚА-ға көшуді іске асыру және ҚЖО қосу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|