Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы (2019.15.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеуді жүргізудің рәсімдерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.03. № 209 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның құрамы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы: 1) Шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) құжаттарын қабылдау жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін. Құжаттарды қабылдау кезінде «Шетелге оқуға жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығының талаптарын басшылыққа алсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 22 қаңтарда № 5499 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 10 ақпанда № 20 болып (1617) жарияланған); 2) үміткерлердің жеке іс парақтарын белгіленген мерзімде Комиссияның қарауына ұсынсын. 3. Комиссия: 1) құжаттардың тапсырылған күнінен бастап 5 күн ішінде үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізсін; 2) үміткерлердің жеке іс парақтарын қабылдаушы жаққа белгіленген мерзімде ұсынсын. 4. Баспасөз қызметі шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлерді іріктеу туралы ақпаратты тұрақты түрде Министрліктің ресми сайтында орналастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С. Ырсалиевке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|