Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына 3-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 227-нқ бұйрығымен күші жойылды
Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі (2018.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімімен байланысты қосымша шығындарды айқындау жөніндегі нормативтік құжат (бұдан әрі - Нормативтік құжат): 1) вахталық әдіс; 2) құрылыс және монтаждау жұмыстарын орындау үшін жұмысшыларды іссапарға жіберу; 3) ғимараттар мен құрылыстардың орнын ауыстыруды және деформацияларын геодезиялық бақылауларды жүргізу; 4) қолданыстағы тұрақты автомобиль жолдарын ұстау; 5) құрылыстың сметалық құнын есептеген кезде құрылыс-монтаждау ұйымдарының қызметкерлерін автомобиль көлігімен тасымалдау сияқты жұмыстардың түрлерін жүзеге асырумен байланысты шығындарды айқындауға арналған. 2. Нормативтік құжаттың мақсаты құрылысты ұйымдастырумен байланысты шығындардың дұрыс шамасын айқындауға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады. 3. Осы Нормативтік құжатта баяндалған ережелер мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер бойынша сметалық құжаттаманы әзірлеу үрдісінде ресурстық әдіспен құрылыстың сметалық құнын есептеу кезінде міндеті болып табылады. 4. Нарықтың басқа субъектілері үшін Нормативтік құжат ұсынымдық сипатқа ие және құрылыстың сметалық құнының және орындалған жұмыстар үшін есептердің құрамында қосымша шығындардың шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|