«Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қорғалжын аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 7/9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8666-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қорғалжын ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия; 3) әлеуметтік көмек - Қорғалжын ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|