Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін бас тартылған гранттар есебінен білім беру гранттарын беру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 488 бұйрығы
«Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының 8-2 тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру гранттарынан бас тартқан талапкерлердің куәліктері жойылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін бас тартылған гранттар есебінен берілетін білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бекітілсін. 3. Қаржы департаменті (Г. С. Шақаева) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қосымшада көрсетілген студенттердің оқуына арналған тиісті қаржы қаражаттарын қарастырсын. 4. Ұлттық тестілеу орталығы (Р.С. Әлімқұлов) білім беру гранттарының иегерлеріне тиісті куәліктерді дайындауды және оларды жоғары оқу орындарына беруді жүзеге асырсын. 5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Көбенова) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 6. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары білім беру гранттарының иегерлерін студенттер қатарына қабылдауды қамтамасыз етсін. 7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін. 8. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 488 бұйрығына 1-қосымша
Білім беру гранттарынан бас тартқан талапкерлердің тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|