Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы (2021.29.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.29.09. № 994 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әрекетін белгілеу үшін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының кеден қызметінің қызметкерлерін портативтік бейнетіркеуіштермен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15057 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|