«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттарын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамын кредиттеу үшін «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын кейіннен кредиттей отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын бюджеттік кредиттеудің негізгі шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен кредиттік шарт жасасуды; 2) кредиттеудің негізгі және қосымша шарттарының орындалуын бақылауды; 3) бюджеттік кредиттің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етсін. 3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісу бойынша) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне кредиттің игерілуі туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 858 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|