Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Мәслихаттың «Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 381 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде: мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Лисаков қаласы Октябрь кенті (бұдан әрі - кент) халқының жалпы санына байланысты айқындалады - 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі. 3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.»; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау; кент бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|