Қазақстан Республикасы құрама командаларының халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысуы туралы
Математикадан Балқан олимпиадасы, Оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы, Физикадан Азия олимпиадасы (APhO), Ғылым және техника бойынша халықаралық жарыстардың (Intel Isef) ұйымдастыру комитеттерінің шақыруы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының құрама командалары мынадай халықаралық зияткерлік жарыстарға: 1) 2015 жылғы 3 - 8 мамырда Афина (Грек Республикасы) қаласында өтетін Математикадан Балқан олимпиадасына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда; 2) 2015 жылғы 3 - 9 мамырда Ереван (Армения) қаласында өтетін Оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрамда; 3) 2015 жылғы 3 - 11 мамырда Ханджоу (Қытай Халық Республикасы) қаласында өтетін Физикадан Азия олимпиадасына (APhO) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрамда; 4) 2015 жылғы 10 - 15 мамырда Питсбург (АҚШ) қаласында өтетін Ғылым және техника бойынша халықаралық жарыстарға (Intel Isef) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құрамда қатыссын. 2. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш.А. Қирабаева) қатысушылардың жол жүруіне, тұруына, тамақтануына байланысты шығыстарын және жетекшілердің Астана, Алматы қалаларынан халықаралық олимпиадалар мен жарыстар өтетін жерге дейінгі іссапар шығыстарын 010 «Республикалық маңызы бар республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарын, мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде төлесін. 3. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша), республикалық білім беру ұйымдарының директорлары іссапар шығыстарын жіберуші тараптың есебіне жатқыза отырып, балалардың Астана, Алматы қалаларына дейін және кері кайту кезіндегі қауіпсіздігіне жауапты жетекшілерді тағайындасын. 4. Балалардың халықаралық зияткерлік жарыстардың өту кезіндегі және жолда жүру уақытындағы өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілік команда жетекшісіне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|