ҚР СТ 3910-2023
Жануарлар Скрепиді зертханалық диагностикалау Негізгі ережелер
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)
5. Классикалық скрепи мен ІҚМ ГЭ арасындағы айырмашылықты белгілеу 10. Резистенттілікке генетикалық скрининг жасау 11. Вакциналарға қойылатын талаптар
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
Аурудың сипаттамасы: «Скрепи» термині классикалық және типсіз скрепи деген екі түрлі патологиялық түзілімді қамтиды. Екі ауру да созылмалы, нейродегенеративті, қой мен ешкінің өлімге әкелетін аурулары болып табылады және ұқсас қоздырғыштардан туындайды. Олар клиникалық көрінісі, патогенезі, патологиясы, биохимиялық қасиеттері және эпидемиологиясы бойынша ерекшеленеді. Классикалық скрепи орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) вакуолярлық өзгерістерімен сипатталады. Скрепи трансмиссивті губка тәрізді энцефалопатия (ТГЭ) немесе ОЖЖ-де PrPSc деп аталатын қожайынның жарғақшалы гликопротеинінің (приондық ақуыз немесе РrР) қалыптан тыс формасының жиналуымен сипатталатын приондық ауру ретінде жіктеледі. РrР генінің полиморфизмдерін скрепиді сезгіштікпен байланыстырады. Қойдағы классикалық скрепимен күресудің тиімді құралы ретінде төзімділік үшін селекция қолданылды. РrР генотипіне қарай, PrPSc классикалық скрепимен ауыратын жануарлардың лимфоретикулярлық тіндерінде болуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|