Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы КЕЛІСІМ (Нұр-Сұлтан қ., 2020 жылғы 16 қарашада)
ҚР 2022 жылғы 3 мамырдағы № 117-VII Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Түркі Академиясы» (бұдан әрі «Академия» деп аталады), 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында жасалған Түркі Академиясын құру туралы келісімнің ережелерін назарға ала отырып, осы Келісімнің 3-бабында Түркі Академиясын Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласында орналастыру көзделетінін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде: «Қабылдаушы ел» - Қазақстан Республикасы; «Мүше мемлекеттер» - Келісімнің тараптары болып табылатын мемлекеттер; «Түркі кеңесі» - Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі; «Ғылыми кеңес» - құрамына әр мүше мемлекеттен бір өкіл, Академияның президенті мен вице-президенттері кіретін алқалы басқару органы; «Президент» - Түркі Академиясының президенті; «Академия қызметкерлері» президенттен және вице-президенттерден, ғылыми персоналдан, әкімшілік персоналдан және жалпы қызмет көрсету персоналынан тұрады; «Академиялық персонал» ғылыми жобалардың талаптарына сәйкес келісімшарт негізінде жалданатын ғалымдар мен сарапшылардан тұрады; «Әкімшілік персонал» келісімшарт негізінде жалданатын әкімшілік персоналдан тұрады; «Жалпы қызмет көрсету персоналы» келісімшарт негізінде жалданатын техникалық персоналдан тұрады; «Академияның ғимараты» - өз қызметін жүзеге асыру үшін Академия пайдаланатын ғимараттар немесе ғимараттардың бір бөлігі және іргелес аумақ; «Академияның меншігі» - Академияның ғимаратын қоспағанда, ақша қаражатын және өз қызметін жүзеге асыру үшін Академияға тиесілі және/немесе оның билігіндегі басқа да меншікті қоса алғанда, барлық мүлік. «Архивтер және құжаттар» - Академияға тиесілі немесе оның иелігіндегі жазбалар, кітаптар, хат-хабар, бухгалтерлік жазбалар және барлық қаржылық құжаттар, қолжазбалар, фотосуреттер мен кинокартиналар, фильмдер, дыбыстық жазбалар, компьютерлік бағдарламалар, жазба материалдары, бейнетаспалар мен дискілер, деректерді қамтитын дискілер мен таспалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|