Выступление Президента РК на церемонии вручения государственных наград
Қадірлі қауым! Баршаңызды еліміздің ең басты мерекесі - қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мерейлі мемлекет болғанымызға 28 жыл толды. Бұл - тарихи белестеріміздің бастауы, ұлы мейрам! Бүкіл еліміз үшін бұдан асқан айтулы күн, маңызды мереке жоқ! Тәуелсіздік - ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Біздің буын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында халқымыздың асқақ арманын ақиқатқа айналдырды. Байрақты бабаларымыз бізге ұлан-байтақ жерді мұра етіп қалдырды. Олардың аманатына адал болу - баршамыздың киелі парызымыз. Азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Еліміздің алтын дәуірі, дербес дамуы егемендік алған күннен басталды. Көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем бойынша тоғызыншы орындағы жеріміздің шекарасын толық шегендедік. Бүкіл әлем Тәуелсіз Қазақстанды сенімді серіктес ретінде таныды. Алатаудың баурайынан елордамызды Арқа төсіне көшіріп, Есілдің жағасына ел қондырдық. Бас қаламыз аса маңызды халықаралық жиындардың орталығына айналды. Мемлекеттік және азаматтық институттарға негізделген басқару жүйесін жетілдірдік. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндетіміз болды. Қиындыққа толы алғашқы жылдарда экономикада түбегейлі реформаларды қолға алдық. Соның арқасында 28 жыл ішінде ішкі жалпы өнім абсолютті өлшемде 16 есеге өсіп, 180 миллиард доллар болды. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап келеді. Еліміз халықаралық экономикада өзінің лайықты орнын алды. Бізге шет елден 330 миллиард доллар инвестиция тартылды. Осының бәрі, ең алдымен, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл, еліміздің абыройын және кемелдігін айқын көрсетеді. Тарихта тұңғыш рет халқымыз өз тағдырына ие болды. Бүгінде азаматтарымыз өзінің және мемлекетіміздің болашағына нық сеніммен қарайды. Еліміз сан қилы тарих зұлматтарын өткеріп, еңсесін тіктеді. Әлем қоғамдастығына нық қадам басты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|