Осы редакция 2016 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығына 10-қосымша
«Құпиялылық туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Құпиялылық туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті және аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі құпиялылық туралы келісім. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген «Құпиялылық туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (әрекетті) бастауға негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері он бес минут ішінде тіркеп, нөмірі мен күнін қойып, өтінішті қабылдайды және тіркейді; 2) төрт сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы жауапты құрылымдық бөлімшені белгілейді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|