Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 44-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 2. Объектілердің әкімшілігі ойын-сауық парктері мен аквапарктардың толтырылуын бейнебақылауды және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 3. Объектілердің әкімшілігі ойын-сауық саябақтарының толтырылуын әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, 1 балаға 10 ш.м.есебімен қамтамасыз етеді. 4. Кіреберісте персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) қолдана отырып бақылау, сондай-ақ қолды антисептикпен өңдеу. 5. Жіті инфекция белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді. Персонал вирустық инфекцияның симптомдары болмаған кезде ғана жұмысқа жіберіледі. 6. Кіреберісте, ойын-сауық аймақтарында, кассада және т. б. қолжетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату. 7. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын қою, сондай-ақ жабдықтардыкемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орналастыру арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету. 8. Саябаққа кіру және шығу үшін келушілердің бөлек ағынын қамтамасыз ету. 9. Қолды антисептиктермен жиі өңдей отырып, қызметкерлердің масканы міндетті түрде киюі. 10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, келушілердің масканы міндетті түрде киюі. 11. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақтауға жауапты адамды айқындау. 12. Жауапты адамның мынадай: қызметкерлердің температурасын өлшеу, маска беру, дезинфекция жүргізужурналдарын жүргізуі. 13. Объектілерде пайдаланылғанмаскалар мен қолғаптарды жинауға арналған ыдыстардың (урналардың) болуы. 14. Профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау. 15. Тұрмыстық үй-жайларды және ойын-сауық аймақтарын белгіленген жиілікке сәйкес бір күн ішінде вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу.
49. Ойын-сауық саябақтарының жұмысына қойылатын талаптар
16. Саябақтарда клиенттерге қызмет көрсету үй-жайларға, жабдықтарға дезинфекциялау жүргізу, ауаны зарарсыздандыру (аймақтар бойынша) желдету үшін кемінде 1 сағат үзілісті ұйымдастыра отырып, жүзеге асырылады. 17. Аттракциондарға келушілерді орналастыру кемінде 2 метр қашықты сақтай отырып, бір кресло аралықпен жүргізіледі. 18. Ойын аппарраттары бір бірінен кемінде 2 метр қашықтық сақтай отырып орналастырылады. 19. Ойын-сауық саябақтарының жұмысы уақыты кезінде барлық беткейлерді дезинфекциялау және нұсқаулыққа сәйкес әрбір 3 сағат сайын кварц және бактерицидті шамдар (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру жүргізіледі. 20. Беткейлерді (есік тұтқалар, тұтқалар, орындықтар және т.б.) дезинфекциялық өңдеу ойын-сайық саябағының әрбір аттракционында әрбір сеансқа дейін және одан кейін жүргізіледі.
Аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар
21. Аквапаркте клиенттерге қызмет көрсету алдын ала жазылу бойынша, сеанстардың ұзақтығы 3 сағаттан аспайтын және үй-жайларды, жабдықтарды дезинфекциялауды, ауаны зарарсыздандыруды және желдетуді жүргізу үшін үзілістерді ұйымдастырумен жүзеге асырылады. 22. Себезгі бөлмелерінен аквапарк аумағына шығатын жерлерде сланецтер мен өзге де аяқ киімдерді өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтар орнатылады. 23. Аквапарктің барлық жүзу құралдары мен мүкәммалы әрбір пайдаланғаннан кейін арнайы жабдықталған орындарда (дезинфекциялау құралдарының су айдынына немесе бассейнге түсуін болдырмай) дезинфекциялау құралдарымен үнемі өңделеді. 24. Аквапарктерде су сапасына, суды дайындау мен зарарсыздандыру тиімділігіне санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес өндірістік бақылауды күшейту.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 45-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде банкет залдарына, түнгі клубтарға, караокеге қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында жұмыстың талаптарымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 2. Объектінің қызметкерлері арасында COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында: 1) қағаз немесе электрондық тысығышта тіркей отырып, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (температурасы жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) бар адамдарды байланыссыз термометрия жүргізе отырып және міндетті түрде оқшаулай отырып, күн сайынғы «кіру сүзгісін» ұйымдастыру; 2) объектіге кіру кезінде қолды тері антисептигімен (оның ішінде орнатылған дозаторлардың көмегімен) және дезинфекциялау сулықтарымен өңдеуге арналған орынды ұйымдастыру; 3) тұрақты қол гигиенасы үшін жалпы пайдалану орындарында (өндірістік үй-жайлар, санитариялық тораптар) қолды сабынмен жууға арналған қолжуғыштар (оның ішінде қабырғалық дозаторлармен жабдықталған), қолды тері антисептигімен өңдеуге арналған дозаторлар, қағаз немесе электр сүлгі, қақпағын ашуға арналған аяқ басқышы бар қоқыс контейнерлерін орнату қажет; 4) персонал келушілермен жұмыс істеу кезінде оларды пайдалану үшін бір рет қолданылатын медициналық маскалар қорымен (жұмыс ауысымының және маскалар ауысымының ұзақтығына қарай 2 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ дезинфекциялық сулықтармен, қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен, қолғаптармен, дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бір рет қолданылатын маскаларды қайта пайдалануға, сондай-ақ ылғалдандырылған маскаларды пайдалануға жол берілмейді; 5) объектінің қызметтік өндірістік үй-жайларында жұмыс орындары арасындағы қашықтықты (кемінде 1,5 метр) сақтай отырып, объектінің қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті персоналдың ең аз санының болуын қамтамасыз ету; 6) өндірістік процестермен (технологиялық жабдықты жөндеу және оған қызмет көрсету) байланысты жұмысты орындайтын адамдарды қоспағанда, объектінің қызметімен байланысты емес адамдардың қолжетімділігін шектеу; 7) үзіліс және демалыс уақытында объект қызметкерлерінің орын ауыстыруын шектеу (объект аумағынан шығу, өзінің лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес басқа учаскелерге орын ауыстыру); 8) объектіге келушілермен байланысатын қызметкерлерді анықтау қажет. 3. Объектілердің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде және жинау жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен өңдеу); 2) персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен бақылау. Жіті респираторлық инфекция симптомдары (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді; 3) объектінің әкімшілігі келушілер арасындағы периметр бойынша кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, объектінің тамақтану залдарында келушілердің бір уақытта болуын қамтамасыз етеді; үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 м және орындықтар арасындағы қашықтық 60 см және бір үстелге 6 адамнан асырмай отырғызу қажет. Бар үстелінің артына отырғызу қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі; 4) объектінің аумағына маскасыз кіруге және онда болуға тыйым салынады; 5) объектінің күзет қызметі келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды; 6) объектінің қызметкерлері келушілерге қолдарын жиі өңдеу арқылы бір рет қолданылатын маска киіп (маскаларды 2 сағатта 1 реттен сиретпей ауыстыру) қызмет көрсетеді; 7) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. 4. Объектінің иесі: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды бекітуді (температураны өлшеу, персоналға нұсқама жүргізу, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды; 3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау қағидаларын сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылауды; 4) жеке гигиена құралдарымен санитариялық тораптарды (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 5) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолын өңдеу үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзаларына арналған ЖҚҚ-ның азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз етуі қажет. 5. Үй-жайлардағы ауаны зарарсыздандыру: 1) объектінің әкімшілігі ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауа ортасын желдету және ауа баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т. б.) жүргізеді; 2) қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі. 3) ауаны желдету және баптау жүйесін тазарту және дезинфекциялау жоспарлы профилактикалық жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізіледі. 6. Үй-жайларды жинауға қойылатын талаптар: 1) залдарда рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын жинау жүргізіледі. Дезинфекциялау құралдарымен жүргізілетін жұмыстың барлық түрлерін ылғал өткізбейтін герметикалық қолғаптармен орындау керек; 2) дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген; 3) дезинфекция жүргізу кезінде экспозиция уақытын (өңделетін объектінің бетінде дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің болу уақыты) және препаратқа берілетін нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің шоғырлануын қатаң сақтау керек. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін шаю қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндірілетін дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта айқындалған; 4) техникалық персонал (тазалаушылар) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет; 5) жұмыс күні аяқталғаннан кейін үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ сүйеніштерін), түскі ас залына кіреберісте қол жууға арналған раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы ылғалды жинау жүргізіледі; 6) жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін міндетті түрде дезинфекцияланып жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады; 7) әрбір объектіде есептік қажеттілікке, шүберекке, жинау мүкәммалына қарай дезинфекциялау құралдарының азайтылмайтын қоры болады; 8) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін жазылған. 7. Кабиналарға, жеке залдарға келушілердің әрбір брондауының арасында желдету, ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу үшін кемінде 40 минут үзіліс сақталуы қажет. 8. Конкурстарды (келушілердің үстелінде өткізілетін интерактивті конкурстардан басқа) өткізуге жол берілмейді. 9. Жалпы караоке залдарын қоса алғанда, клубтардың би алаңдарында жаппай билеуге жол берілмейді. 10. Караоке-кабиналар үшін жаңа кейінгі қонақтарды әрбір отырғызғаннан кейін микрофондарды құрамында спирті бар дезинфекциялау құралдарымен өңдеуді қамтамасыз ету қажет. 11. Караокенің жалпы залдарында келушілерге (әрбір келушіден кейін құрамында спирті бар дезинфекциялау құралын алдын ала өңдей отырып) әндерді (планшетті) таңдауға арналған микрофон мен құрылғыны «үстелден үстелге» беруге тек объект қызметкеріне ғана рұқсат етіледі. 12. Тамақтану және ән айту кезінде масканы шешуге рұқсат етіледі. 13. Банкет залдарының толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен жүзеге асырылады. Келушілер санын шектеу Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 46-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде лотерея клубтары мен лотерея билеттерін өткізу жөніндегі өзге де нүктелердің, букмекерлік конторалардың жұмысына қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
1. Объектілердің қызметіне Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес жол беріледі. 2. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен толтыру кезінде. 2) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) қолдана отырып, күрделі жинауды жүргізу; 3) дене температурасы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, қызметкерлердің және келушілердің дене температурасын жанасусыз тәсілмен өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып бақылау. Көрсетілген симптомдар болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді; 4) әлеуметтік қашықтықты (келушілер арасында кемінде 2 метр) сақтай отырып, келушілерді отырғызу; 5) маска міндетті түрде болған кезде қызметкерлер мен келушілердің нысанға кіруі; 6) жауапты адам келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды; 7) нысан қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, қызметкерлердің маскасіз жұмыс істеуіне жол берілмейді; 8) жұмыс орындарын, жанасатын беттерді, жиһазды, лотерея жұптарын, терминалды және тіректерді әрбір келушіден кейін құрамында спирт бар тазалау құралдарымен жинау және дезинфекциялау; 9) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл таспалар салу арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға жол бермеу; 10) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады; 11) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту; 12) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі. 13) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі. 3. Объектінің иесі мыналарды қамтамасыз етуі керек: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам (температураны өлшеу, қызметкерлерге нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама беру журналын жүргізу, маскалерді, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен жарақтарды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату. 3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын мүлтіксіз сақтау үшін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама өткізу; 4) жеке гигиена құралдары (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) бар санитариялық тораптар; 5) уақытында ауыстыруды қамтамасыз ете отырып, қолды антисептиктермен өңдей отырып, халыққа маска киіп қызмет көрсету. Бір рет қолданылатын қолғаптарды ауысымына кемінде екі рет ауыстыра отырып және бүтіндігі бұзылған кезде тамақ өнімдерімен тікелей жанасатын қызметкерлер пайдаланады; 6) пайдаланылған маскалер мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптарға) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарату; 7) техникалық қызметкердің (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі; 8) жинау жарақтарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін тиісінше сақтау; 9) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, жарақтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (тамақ қабылдау, демалыс, санитариялық тораптар бөлмелері) міндетті дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау жүргізу; 10) үй-жайларды жинауға, қолды өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қызметкерлерге арналған жеке қорғаныш құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы; 11) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге жіберу; 12) дезинфекциялау құралдарын балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы жерде тығыз жабылған жерде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін жазылған. 4. Лотерея билеттерін сатуға арналған аппараттар (терминал, лотерея жұптары) жұмыс күні ішінде кемінде 3 рет дезинфекциялау құралдарымен өңделеді.
Согласовано 02.09.2021 16:13 Кожапова Роза Абзаловна 02.09.2021 16:13 Естекова Гульмира Абдигалиевна 02.09.2021 16:14 Рахимжанова Марал Тлеулесовна 02.09.2021 16:15 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна Подписано 02.09.2021 16:45 Киясов Ерлан Ансаганович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |