24) клиникалық хаттамаға және осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес COVID-19 симптомсыз вирус тасымалдаушы адамдарды оқшаулау жағдайлары болған кезде үйдегі карантинді және медициналық қадағалауды; 25) тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыру үшін талаптарға сәйкестігін бағалауды; 26) үйде медициналық бақылау жүргізуді және үй карантині талаптарының сақталуын бақылауды; 27) шет елден келген дене температурасы жоғары адамдарды COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін инфекциялық стационарға жатқызуды; 28) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыруды; 29) үйде оқшаулау жағдайларында COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған (жақын байланыс) адамдарды зертханалық тексеруді және медициналық бақылауды (үй карантині); 30) осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес амбулаторлық түрде COVID-19-бен ем алып жатқан науқастар және үй карантиніндегі COVID-19 науқастармен байланыста болған адамдарды, үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат бере отырып, қол қойғызып хабарлауды; 31) осы қаулыға 39-қосымшаға сәйкес халыққа профилактикалық егулер жүргізуді; 32) осы қаулыға 33, 35, 36-қосымшаларға сәйкес байланыста болғандарды және симптомсыз вирус тасымалдаушыларды медициналық бақылауды және зертханалық тексеруді; 33) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне диагноз қойылғаннан кейін 6 сағат ішінде CОVID-19 ауруының әрбір жағдайына, оның ішінде U07.2 «CОVID-19 коронавирустық инфекциясы (Вирус сәйкестендірілмеген)» коды бойынша шұғыл хабарлама беруді қамтамасыз етсін. 8. Республикалық медициналық ұйымдардың басшылары аймаққа бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бейіні бойынша жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз етсін. 9. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізсін: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; өзге де ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 3) осы қаулыға 37-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 4) байланыста болған адамдарды оқшаулауды, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 5) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 6) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 7) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты ҚДСҰО-ға сағат 02-00-ге дейін беруді; 8) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді қамтамасыз етсін. 10. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚДСҰО), «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалар осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыруды және осы қаулыға 32-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін. 11. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) әлемнің елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін; 2) COVID-19 тіркелген елдердің тізбесін және республикадағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты сайтқа күн сайын орналастыруды; 3) Денсаулық сақтау министрлігіне және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне апта сайын жұма күні ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайдың дамуының жаңартылған болжамын, күн сайын әрбір 3 сағат сайын - COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды (жақын байланыс) анықтау және мониторингілеу бойынша ақпаратты ұсынуды; 4) Денсаулық сақтау министрі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін әрбір тіркелген жағдай туралы бір сағат ішінде ақпараттандыра отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар санын, COVID-19-дың расталған жағдайлар мен байланыста болған адамдар санын мониторингілеу және мониторинг деректерін күн сайын кемінде 2 рет ұсыну; 5) «шиеленіс ошағын» және байланыста болған адамдардың орналасуын көрсете отырып, республика аумағындағы эпидемиологиялық жағдайды визуалдауды; 6) халықаралық ұсынымдарға сәйкес (ДДҰ, CDC) COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО) филиалының зертхана мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді; 7) ДДҰ байланыс пункті арқылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тұрақты өзара іс-қимылды (аптасына 7 күн 24 сағат); 8) күн сайын сағат 8-00-ге қарай Денсаулық сақтау министрлігі мен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне өткен тәуліктегі және өсу ретімен өңірлер бөлінісінде тіркелген COVID-19 жағдайларының саны туралы статистикалық деректерді ұсынуды қамтамасыз етсін. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.17.09. № 43 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастардан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың азаймайтын қорын; 2) ДДҰ ұсынымдарына сәйкес COVID-19 диагностикасы әдістері бойынша зертханалардың мамандарына әдіснамалық көмек көрсетуді; 3) COVID-19-ға күдікті науқас тіркелген жағдайда COVID-19-бен ауыратын науқастардан материал алу және тасымалдау кезінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпті сақтауды, осы қаулыға 22-қосымшаға сәйкес COVID-19 ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді; 4) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қызметкерлерді ЖҚҚ-мен жеткілікті мөлшерде; 5) COVID-19-ға зерттеуге арналған материалдың үлгілерін өтініштің мақсаты (өздігінен жүгіну, әкелу, профилактикалық тексеру (скрининг) және басқасы) көрсетілген ілеспе құжатпен қабылдауды қамтамасыз етсін. 13. ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасы COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясын бақылау жөніндегі референс зертхана болып уақытша айқындалсын. 14. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) InfoKazakhstan.kz сайтында тіркеу негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды; 2) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді; 3) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтын пайдалануды; 4) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды; 5) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі). 15. Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. 16. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде және бекітілген контингент арасында карантиндік шараларды қатаңдату/жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомствосы қабылдайды. 17. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына (бұдан әрі - №36 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері, Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері шетелдік студенттерге: - «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілері бойынша Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы және Молдова Республикасының уәкілетті органы берген вакцинация паспортымен/сертификатымен/анықтамасымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялау; - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде алған кезден бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына келуге рұқсат етсін.»; 2) № 36 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 3-бөлімнің 23-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «23. Интернаттар мен жатақханаларда тұратын студенттер 14 күндік карантинде оқшаулауда болған уақытта тұрақты тұратын орындарға немесе өзге де орындарға шығуға жол берілмейді.» 18. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының күші жойылды деп саналсын. 19. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 20. Осы қаулы 2021 жылғы 6 қыркүйекте сағат 00-ден бастап күшіне енеді.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.21.01. № 4 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
I. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
1. Объектіге кіреберісте жіті респираторлық аурулардың белгілері жоқ адамдарды (дене температурасы 370-тен жоғары, жөтел, мұрынның бітелуі) объектіге жібере отырып, қызметкерлер мен келушілерге байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады. 2. Объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе бактерицидті әсері бар ауа рециркуляторларын (бұдан әрі - ауа рециркулятор) пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыруды жүргізу ұсынылады. Кварц, бактерицидті шамдарды пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болғанда пайдалануға рұқсат етіледі. 3. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді: 1) CОVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар (жақын байланыста болған адамдар); 2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар. 4. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. Ғимаратта міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі. 5. Кіреберісте, холлда, лифтіге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 6. Органның (ұйымның) әкімшілігі: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) жұмыс күні ішінде маскаларды/респираторларды оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалануды; 4) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.18.02. № 11 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) антисептиктермен жұмыс орындарын; 6) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді қамтамасыз етеді. 7. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыстан және ластан тазартылады. 8. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі. 9. Асхана, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады. 10. Жиһаз, терезе алды, шкафтар, есік тұтқалары, компьютер пернетақтасы (көбіне қолмен жанасатын орындар) дезинфекциялау құралымен сүртіледі. 11. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады. 12. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады. 13. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады. 14. Үй-жайлар мен жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді. 15. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады. 16. Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беру және оларды қараусыз қалдыру жүзеге асырылмайды. 17. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маскані пайдалана отырып жүргізеді. 18. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді. 19. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
II. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі бизнес-орталықтар қызметінің алгоритмі
1. Бизнес-орталықтардың әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жалға алушылардың, саудагерлердің жұмыс шарттарымен таныстыруды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 2. Кіреберісте дене температурасын бақылауды (ресепшн, күзет пункті, өту орны) объектінің қызметкері барлық қолжетімді кіреберістерде жүзеге асырады. 3. Бизнес-орталықтардың аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді. 4. Объектіні күзету қызметі, әкімшілік өкілі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маскаларды міндетті түрде киюін және олардың әлеуметтік қашықтықты сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді. 5. Сауда жасаушылар мен бизнес-орталықтардың қызметкерлері медициналық немесе матадан тігілген маска, қолғап киеді. 6. Объекті әкімшілігі әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес объектінің толтырылуын қамтамасыз етеді. 7. Объекті әкімшілігі әрбір үй-жайда (кеңседе) келушілердің бір жолғы рұқсат етілген саны туралы ақпарат беруге міндетті. Ақпарат әрбір үй-жайға кіреберісте көзге көрінетін қолжетімді жерде орналасуы тиіс. 8. Кеңселердің қызметкерлері (жалға алушылар) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен (1 адамға 4 шаршы метрден кем емес) өз үй-жайларында әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. 9. Санитариялық шараларды сақтау қажеттілігі туралы радио арқылы (60 минутта кемінде 1 рет) айтылады. 10. Объектінің меншік иесі мыналарды: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты қызметкерді тағайындау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау); 2) әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еден таңбаларын, қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 3) кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 4) кварц шамдарын пайдалану кезінде олардың мүлтіксіз сақталуына жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, қауіпсіздік шаралары туралы қызметкерлер арасында нұсқама жүргізу; 5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 6) халыққа маскамен қызмет көрсету; 7) таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау; 8) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, бизнес орталықтардың, сауда үйлерінің, жеке тұрған сауда үй-жайларының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі; 9) ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі. Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті; 10) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі; 11) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау; 12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу; 13) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуы; 14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу; 15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қамтамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 2-қосымша
Медицина қызметкерлерінің СOVID-19-ды жұқтыруын болдырмау мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі
1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі. І. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу: 1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет. 2. «Таза» аймаққа мыналар жатады: 1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар; 2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс; 3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар; 4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар. 3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады. 4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. 3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс. 4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс. 5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан.тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |