5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет. 6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т. б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. 7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады. 8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ пайдаланылады. 10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді. 11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі: 1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу; 2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады; 3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді; 4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді. 12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс. 13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді. 14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар анық көрсетіледі. 15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі. 16. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
ІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі: 17. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған стационарларда карантин енгізу қажет. 18. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет. 19. Стационарларда медицина қызметкерлері мен пациенттердің режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің, оның ішінде қабылдау бөлімшелерінің, зертханалардың және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмысын бейнебақылау (палатадан палатаға орын ауыстыру, қашықтықтан бақылау) қамтамасыз ету қажет. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыру) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету қажет. 20. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады. 21. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. 22. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет. 23. Пациенттер палаталары медицина персоналын шақыру батырмасымен жабдықталуы тиіс. 24. Күн сайын ауысымға дейін және ауысымнан кейін денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен анықталған бөлімшенің жауапты медицина қызметкерінің бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы барлық қызметкерлердің денсаулық жағдайына тұрақты медициналық бақылау жүргізуі тиіс. 25. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері міндетті түрде медициналық ұйымның басшысын тез арада хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі. 26. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет. 27. Медициналық ұйымдар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс. 28. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс. 29. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
ІІІ. СОVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің карантин жағдайларында тұру жағдайы (үйден тыс жерде тұрғанда): 30. Медицина қызметкерлерінің тұруы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету қажет: - әртүрлі медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерін бөлек орналастыру және тамақтандыру (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмай); - бір медициналық ұйымның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыру және тамақтандыру; - медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта әрбір медициналық ұйым үшін көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялау; - үйден тыс тұратын инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз ету. 31. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
2-бөлім. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды (көп бейінді ауруханалар, балалар ауруханалары, аудандық орталық ауруханалар, босандыру ұйымдары - бұдан әрі - медициналық ұйымдар) аймаққа бөлу және жұмыс режимі 32. Пациенттерді шұғыл көрсетілімдері бойынша, оның ішінде COVID-19 жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттерді емдеуге жатқызу үшін айқындалған көп бейінді стационарларды аймаққа бөлу, жұмыс режимі және қызметкерлерінің тұру жағдайлары осы қосымшаның 1-бөліміне сәйкес инфекциялық стационарларға қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. 33. Емдеуге жатқызуға түскен кезде COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес адамдар жатады. 34. Пациенттердің бөлімшелер бойынша және бөлімше ішінде жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттердің бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда, масканы пайдалану міндетті. 35. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда пациент инфекциялық стационарға ауыстырылады. 36. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
3-бөлім. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі ІV. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылмаған денсаулық сақтау ұйымдарында аймаққа бөлу. 37. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайда оқшаулауға арналған изоляторды қарастыру қажет. 38. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет. 39. «Лас» аймаққа мыналар жатады: 1) қабылдау бөлімшесі; 2) изолятор. 40. «Таза» аймаққа стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады. 41. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасз ету қажет: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. 42. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. 3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс. 4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс. 5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс. 43. «Лас» аймақтың медицина қызметкерлері үшін ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары кіретін «таза» аймақ қарастырылуы қажет. Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс. Бұл ретте оларға кіретін жер ЖҚҚ-ны шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс. 44. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т. б. осы қосымшаның 4 -тармағында көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі. 45. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады. 46. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс. 47. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс. 48. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді. 49. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады. 50. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады. 51. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек. 52. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет. 53. Пациенттердің бөлімшелер арасында қозғалысына жол берілмейді. 54. Пациенттерге адамдардың келуіне тыйым салынады. 55. Медицина қызметкерлерінің (ЖҚҚ-ны кию, қолды антисептиктермен өңдеу) және пациенттердің (палатадан палатаға орын ауыстыруы) режимді сақтауын бақылау мақсатында бөлімшелердің жұмысын бейнебақылауды қамтамасыз ету. 56. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау. 57. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету. 58. Қажет болған жағдайда, пациенттерге тар бейінді мамандардың консультация беруі және оларды жүргізуі барынша қашықтықтан ұйымдастырылады. 59. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс. 60. Бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күн сайын сұрау және дене температурасын күніне 2 рет өлшей отырып, медицина қызметкерлерін тұрақты медициналық бақылауды белгілейді. 61. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі. 62. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
4-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын аймақтарға бөлу Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет. 63. «Лас» аймаққа мыналар жатады: 1) сүзгі; 2) изолятор. 64. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады. 65. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды: 1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа; 2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. 3) «таза» аймақтың құрамында шешінетін орын, ЖҚҚ беретін бөлме, сан.торап болуы тиіс. 4) «лас» аймақта ЖҚҚ шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары мен сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс. 66. «Лас» аймақтың қызметкерлері үшін «таза» аймақты қарастыру қажет. Осы «таза» үй-жайлар сүзгінің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде орналастырылуы тиіс. Бұл ретте оларға кіру ЖҚҚ-ны шешу және өңдеу үшін шлюз арқылы болуы тиіс. 67. «Лас» аймақ қызметкерлерінің медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуіне, кәсіби мәселелерді талқылауына, құжаттармен жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына және сусындар ішуіне және т. б. «таза» үй-жайларда ғана жол беріледі. 68. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және болуына үзілді-кесілді тыйым салынады. 69. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында персоналдың орнын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс. 70. Лас аймақтағы персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс. 71. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персоналы ЖҚҚ-сыз «лас» аймаққа жіберілмейді. 72. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында МСАК ұйымының негізгі кіреберісі арқылы «сүзгіге» кіруге жол берілмейді. 73. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады. 74. МСАК ұйымдарының үй-жайына дене температурасы жоғары адамдардың кіруіне жол берілмейді. 75. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады. 76. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады. 77. МСАК ұйымдарында күндізгі қабылдауларды және пациенттердің үйіне баруды жүзеге асыру тек медицина персоналы тиісті ЖҚҚ-мен жарақтандырылғанда және медицина персоналы ЖҚҚ-ны пайдалану және кәдеге жарату қағидаларына оқытылғанда ғана мүмкін болады. 78. Пациенттерді қабылдау алдын ала жазылу бойынша ғана жүзеге асырылады. Пациенттердің МСАК ұйымының дәлізінде немесе холлында дәрігердің қабылдауына өз кезегін күтуге жол берілмейді.
5-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдарын «лас» және «таза» аймақтарға бөлудің ұсынылатын схемалары
Бөлімшеге 1 кіретін есігі бар нұсқа Бөлімшеге 2 кіретін есігі бар нұсқа
Модульдік инфекциялық стационардың схемасы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.21.01. № 4 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 3-қосымша
COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі
Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет. Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет. Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет. Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - бұл оларды киетін адамды инфекция жұқтырудан қорғауға арналған арнайы түрде құрастырылған киім және жабдық (қорғаныш көзілдірігі, бет қалқаншалары, респираторлар). Бір рет қолданылатын және көп рет қолданылатын ЖҚҚ пайдалануға жол беріледі. Пайдаланғаннан кейін бір рет қолданылатын ЖҚҚ кәдеге жаратуға жатады. Әрбір пайдаланудан кейін көп рет қолданылатын ЖҚҚ-ны өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес зарарсыздандыру қажет. ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байдланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет. ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).
1-кесте
№2 қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тапшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады. Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді. Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады. СОVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).
2-кесте
COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға, персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау жөніндегі ұсынымдар
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |