«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында: мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын: «4-1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде негізгі қуат анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және негізгі қуат иелерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) орналастырады. Тізбе тауар нарығының, нарық субъектісінің, негізгі қуат иеленушінің толық атауын қамтиды. 4-2. Қорытынды мен тізбе орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оны негізгі қуаттың иесі деп тану туралы жазбаша хабарлама жібереді. 4-3. Негізгі қуат иесі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң өзінің қызметін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіреді. 4-4. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі осы Қағидалардың 4-3-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы. 4-5. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы орган дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|