Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16445 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығында: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларында: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Декларант тауарларға арналған декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда тауарларға арналған декларацияның 54-бағанына қолын қойып оны куәландырады.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Декларант транзиттік декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда транзиттік декларацияның 50-бағанына қолын қойып оны куәландырады. Транзиттік декларацияны куәландыру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы декларантқа жол беріледі. Бұл жағдайда транзиттік декларацияның қағаз данасы басып шығарылмайды.»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Декларант КҚКД енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеруді аяқтағаннан кейін ескертулер болмаса КҚКД 13-бағанында өзінің қолын және мөрін қойып куәландырады (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда).»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|