«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару» деген 2 бөлім осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; «Стратегиялық және бюджеттік жоспарларымен өзара байланыс архитектурасы» деген 4 бөлім осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар» деген 5 бөлім осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын; «Ресурстар» деген 6 бөлім осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты қабылданғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2018 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2018 жылғы «___» _________
Қазакстан Республикасы Әділет министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|