Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы (2023.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Павлодар облыстық мәслихатының 2023.30.11. № 76/6 шешімімен атауы жаңа редакцияда (2023 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Павлодар облыстық мәслихатының 2023.30.11. № 76/6 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша тегін берілсін. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|