«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистері арқылы электрондық өтініштер бойынша кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Осы бірлескен бұйрығының 5-тармағына сәйкес қолданысын тоқтатты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистері арқылы электрондық түрдегі өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын. 2. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистері арқылы электрондық түрдегі өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосудың алгоритмі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өзінің аумақтық органдарының, ведомстволарының, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде қолданыста болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|