Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы (2023.30.01. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2021.23.12. № 7С-17-5 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын. 2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын. 3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Астрахан ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын. 4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Астрахан ауданының әкімдігі
Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2021.23.12. № 7С-17-5 шешімімен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 шешіміне 1 қосымша
Астрахан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Астрахан ауылдық округінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар: 1. Орталық алаң, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50. 2. Аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаң, Астрахан ауылы, 9 Май көшесі, 10. 3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Астрахан ауылы, Нұрмұхамбет Жазин көшесі, Әл-Фараби көшесінің қиылысынан аудандық стадион ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|