Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Облыстың үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір үдерістердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне өтінішке қоса Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады (бұдан әрі - құжаттар); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|