|
«Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы (2025.17.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 104 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы №149 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 104 «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Утегуловқа жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|