Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту жүргізу үшін аурулардың тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 125-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту жүргізу үшін аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 24 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген
Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық оңалту жүргізу үшін аурулардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|