Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 және 2003 жылғы
Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Қазақстан Республикасының радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнде: 3-тармақта: 3) тармақшадағы «теледидар және дыбыстық (радио хабарларын тарату) бағдарламаларды трансляциялау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған» деген сөздер «теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамы беретiн радиоэлектронды құралдардың азаматтық мақсаттағы қолданыстағы және пайдалану үшiн жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттiк үйлесiмділігі сараптамасының қорытындысы»; бiрiншi абзацтағы «және техникалық қорытынды бередi» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзацтағы «техникалық қорытындысын дайындаумен қоса» деген сөздер алынып тасталсын; бесiншi абзацтағы «осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген техникалық қорытындымен бірге» деген сөздер алынып тасталсын, «Радиожиілікті» деген сөздiң алдынан «Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген» деген сөздермен толықтырылсын; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Байланыс саласындағы уәкiлетті орган осы Ереженiң 4-тармағының бесiншi абзацында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейiн белгiленген тәртiппен жиiлiктер, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) белдеулерін беру рәсiмiн жүргiзедi және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктердi халықаралық үйлестіру және радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсатты ресiмдеу жөніндегі іс-шараларды орындайды. Өтiнiм жасалған радиожиілік (радиожиiлiк арнасы) бос болған жағдайда, сондай-ақ радиожиіліктердi келiсудi және халықаралық үйлестiрудi жүргізуде қажеттiлiк болмаса, байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгіленген үлгiдегi өтінім түскен күннен бастап екі ай мерзiмнен кешіктірмей радиожиілік спектрін пайдалануға арналған тиiстi рұқсатты ресiмдейдi. Өзге жағдайда байланыс саласындағы уәкiлетті орган радиожиіліктерді радиожиiлiк органдарымен келiсу рәсiмiн және Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентiне сәйкес радиожиіліктерді шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) халықаралық үйлестірудi жүргiзедi, бұл ретте өтiнiмдi қарау мерзiмi тиiсiнше отыз күнге және төрт айға дейiн ұзартылуы мүмкін. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган радиожиіліктердi шекаралас мемлекеттермен халықаралық үйлестiрудi жүргiзу кезiнде өтiнiм иесiне өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы алдын ала жазбаша нысанда хабарлама бередi. Радиожиілiктердi келiсу және халықаралық үйлестiру нәтижелерi бойынша радиожиілік спектрін пайдалануға тиiстi рұқсат ресімделеді не жазбаша дәлелдi бас тарту берiледi. 6. Радиожиілік спектрiн пайдалануға берiлген рұқсат міндетті түрде мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс: 1) жиілік, радиожиілік (радиожиілiк арнасы) белдеуi және қолданылу түрі; 2) техникалық құралдардың орналасқан жерi, оның iшiнде географиялық координаталарды көрсете отырып, антенна құрылғыларының орналасуы; 3) хабар беруші құралдың нақты қуаты.»; 2) «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысында: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып белгiленсiн: 1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану; 2) электр магниттік үйлесімділікті есептеудi жүргiзудi қоса алғанда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.»; бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Мыналар қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн» деген сөздер «Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу»; «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген сөздерден кейiн», Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазсат» акционерлік қоғамы мен Жеткiзушi арасындағы Келісім-шарт бойынша мiндеттемелер аяқталғаннан кейiн ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін, бірге жүретiн ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенiн және байланыс мониторингi жүйесiн иелену және пайдалану құқығын Қоғамға берудi»; «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі,»деген сөздермен толықтырылсын; «Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
|