Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына 1-қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді. 2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға: 1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар); 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар); 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар); 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар); 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды. Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|