Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Баку, 2019 жылғы 14 қазанда)
ҚР 2021 жылғы 18 маусымдағы № 51-VII Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында көші-қон процестерін реттеудің аса маңызды бағыттарының бірі ретінде қарай отырып, Тараптардың көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз құруға ұмтыла отырып, екі мемлекеттің ынтымақтастығын одан әрі дамыту мақсатында көші-қон саласындағы әріптестік ынтымақтастық арқылы қарым-қатынасты тереңдетуге ниет білдіре отырып, халықаралық құқық нормаларын және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім шеңберінде Тараптар көші-қон, бір Тарап мемлекетінің екінші Тарап мемлекеті аумағындағы азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Тараптар өздерінің ұлттық заңнамалары мен халықаралық шарттары шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің аумағында еңбек ресурстарын тарту саласында мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыру үшін жауапты құзыретті органдары (бұдан әрі - құзыретті органдар) мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Әзербайжан Республикасынан - Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік көші-қон қызметі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|