Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 6/27-VІI «Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/101-VІІІ шешiмiмен күші жойылды
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 6/27-VIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6214 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8/50-VІІІ шешіміне қосымша
Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 27 сәуірдегі №6/27-VII шешіміне қосымша
Арыс қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Арыс қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|