|
|
|
18.11.2024 Этика және парасат
Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. « Этизм» термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының («Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика») атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Парасат - жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым. Әдетте, бұл сөз тілдерімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г. Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердіңішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат», — дейді. Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Қарағанды облысының МАЭС бас маманы Г.К. Ахметбек
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |