|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 313 бірлескен бұйрығы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қызметінде, оның ішінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және оның басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінде ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларға және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін коммерцияландыру жобаларына бюджет қаражатын нысаналы бөлу және пайдалану мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау (бұдан әрі - сыртқы талдау) заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізілсін. 2. Сыртқы талдау осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жұмыс тобының құрамында жүргізілсін. 3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары министрлігінің жетекшілік ететін вице-министрі жұмыс тобын сыртқы талдау жүргізу үшін қажетті жағдайлармен, ақпаратпен және материалдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|