ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.26.09. № 422 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.17.01. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына 7-қосымша
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беруді (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметстандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. Өтініштерді және құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - келісім беру туралы хат не Стандарттың 10 - тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы электрондық нысандағы уәжделген жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|