Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 12-қосымша
«Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарының (бұдан әрі - МӨ және ЖЖМ) сот сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат; 2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті; 3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін); 4) мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу нысанасы - мұнай табиғаты объектілерінің табиғатын, жіктеу тиесілігін, олардың шығу көзін куәландыратын нақты мән-жайларды анықтау; 5) мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу объектілері - мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібінің бұйымдары/өнімдері, олардың негізін мұнай тектес заттар; мұнай тектес заттардың іздерін сақтап қалған заттар құрайды. 3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы; БА - Біліктілік анықтамалығы; СБШ - Салалық біліктілік шеңбері; ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|