- Установить тарифы стимулирующие эффективное использование воды.
Суармалы жерлердің көлемін 600 мыңға үлғайту тапсырма жөнінде. Бүгігі таңда 164 мың га алада жобалар 106,9 млрд.теңгеге іске асырылуда: (436 мың га қаржымен қамтамасыз етілмеген, алдын ала қаржыландыру көлемі - 457,4 млрд.теңге). Ағымдағы жылы 78,0 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу үшін 1050 км ирригациялық желілерді қалпына келтіру жоспарланған. Жалпы 5 жылдың ішінде 4,5 мың км ирригациялық инфрақұрылым каналдары салынып, жөнделетін болады. 2021 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша 11,8 мың км канал қанағаттанарлықсыз жағдайда. (Суару жүйелерінде 3,5 мың км магистральдық және 21,5 мың км шаруашылықаралық каналдар бар). 2020 жылы 813 км суармалы желілері жөнделген болатын. Сонымен бірге қапталған каналдардың ұзындығы 5,2 мың км құрады 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша 715 км канал қапталды. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қаңтар жағдайына суармалы инфрақұрылымды жақсартудан күтілетін нәтижесі келесідей: 1. 78,0 мың қосымша айналымға суармалы желілерді енгізу; 2. 40%-дан 17%-ға су ысырабын төмендету.
2018 жылдан бері ПУИД-2 жоба іске асырылуда. 2018 - 2021 жылдарда жобаны іске асыру кезеңінде 29,7 мың га немесе (28,3 %) сумен қамтамасыз ету жақсартылды. Жылына 86,9 млн.м3 су ысырабы азайды. 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында 3,34 мың га суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту арқылы 420 км суармалы каналдар қайта жаңартылды. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар 9,7 млн. м3 дейін су ысырабын төмендетуге мүмкіндік берді. 2-ші жартыжылдықтың соңына дейін 430 км сурамалы жерлерді қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жалпы халықаралық қаржы ұйымдардың қаржылынадыру арқылы жобалар жайлы Қазсушар кәсіпорының басшышы баяндайды. Қазіргі уақытта республика бойынша ұзындығы 15,6 мың км 76 топтық су құбырлары бар, оның ішінде ұзындығы 13,4 мың км 39 топтық су құбырлары республикалық меншікте,олар халық саны 1,2 млн. адамы бар 631 ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. 2021 жылы 16 жобаны іске асыруға және 1 жобалық сметалық құжатты әзірлеуге 11,4 млрд. теңге сомасында қаражат көзделді, оның ішінде 7 объектіні аяқтау жоспарланып отыр. Бірінші жартыжылдықта 2 су құбыры пайдалануға берілді: 1. Солтүстік Қазақстан облысында Преснов топтық су құбырын қайта жаңарту (құрылыстың ІI кезегі); 2. «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолы бойында 55 шахта ауданында Эскулинск су тартқышының учаскесін Жезқазған кен орны тау жұмыстарының аймағынан тыс ауыстыру. Нәтижесінде халық саны 11,8 мың адамы бар 18 АЕМ-де сумен жабдықтау жақсартылды. 2021 жылдың соңына дейін 6 жоба пайдалануға берілетін болады және 1 жобалаусметалық құжаттама әзірленеді. Нәтижесінде жыл соңына дейін халық саны 3,5 мың адамы бар 3 елді мекен сумен қамтамасыз етіледі және жалпы халықсаны 191,2 мың адамы бар 33 ауылдық елді мекенде және 3 қалада сумен жабдықтау жақсартылатын болады. 1. Нұраны қайта жаңарту (Ақмола облысы); 2. Макинск қаласын сумен жабдықтауды салу (Ақмола облысы); 3. Талап топтық су құбырын салу (Қызылорда облысы); 4. Жаңыс би а. топтық су құбыры желілерін салу (Ақтөбеоблысы); 5. Жезқазған қаласын сумен жабдықтауды ескере отырып Эскулинск су тартқышын салу; 6. Жезқазған қаласын сумен жабдықтауды ескере отырып Эскулинск су тоғанын салу; 7. «Қаскелең топтық су құбырын салу» ЖСҚ әзірлеу (Алматыоблысы). Сырдария бассейнінде Тоқтоғұл және «Бахри Точик» су қоймаларынан 700 млн.м3 көлемінде қосымша су алынды. «Достық» каналы арқылы 540 млн.м3 көлемінде су алдық, бұл келісілген көлемнен 50 млн. м3 көп. 2021 жылдың II жартыжылдығына мынадай шаруаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз: 7 2021-2022 жж. вегетацияаралық кезеңге Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимін келісу; 2021-2022 жж. вегетацияаралық кезеңге «Достық» каналы бойынша (430 млн. м3 төмен емес) көлемде лимитті бекіту. Шу-Талас бассейні бойынша: Талас өзенінің бассейні бойынша вегетациялық кезеңінде келісілген 500 млн.м3 судың 401 млн.м3 алынды (85% ); Шу өзенінің бассейні бойынша келісілген 318 млн.м3 судың 108 млн.м3 алынды (40%). 2021 жылдың екінші жартыжылдығында мынадай шаруаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз: Вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін Киров және Орто-Токой су қоймасы жинақтау режиміне көшіріледі, осыған байланысты мүмкіндігінше су шаруашылығы объектілерінде жөндеу жұмыстарын өткізуді көздеп отырмыз. Қытай Халық Республикасы бойынша Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссияның 18-ші отырысы өткізіліп, Комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 8 Жұмыс жоспарына сәйкес негізгі трансшекаралық өзендерде (Ертіс, Іле, Емель, Текес, үлкен Уласты) бойынша 2019 - 2020 жылдардағы гидрологиялық деректермен алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Сүмбе өзеніндегі ҚазақстанҚытай бірлескен су тарту құрылысын бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісім жобасына мемлекетішілік келісу процедурасы жүргізілуде. Екінші жартыжылдықта мынадай шараларды жүзеге асыру көзделуде, сарапшыгидрологтардың 3-кездесуін және ҚР мен ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендердің бүкіл бассейнінің су ресурстарын бағалау жөніндегі жауапты органдардың техникалық жұмыс отырысының 7-раундын өткізу. Сондай-ақ ҚР мен ҚХР арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі сарапшылардың жұмыс тобының отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Ресей бойынша Бірінші жартыжылдықта: Тобыл, Ертіс, Есіл, Жайық, Қиғаш өзендерінің бассейндері бойынша жұмыс топтарының отырыстары өткізілді. 9 Жайық бойынша бірыңғай Жол картасын іске асыру аясында көп жылдық гидрологиялық деректермен алмасты және күнтізбелік жоспарға сәйкес жол картасында көзделген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Екінші жартыжылдықта мынадай шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, Бірыңғай Жол картасын іске асыру барысы туралы пікір алмасу үшін сарапшылардың кездесуін, сондай-ақ трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының 29-отырысын өткізу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |