Выступление Президента РК на церемонии закрытия Года молодежи и старта Года волонтера
Ардақты жастар! Бүгін ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар елорда төрінде, Нұр-Сұлтан қаласында, халқымыздың құтты мекенінде бас қосып отыр. Сіздермен Тәуелсіздік күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Біз үшін бұдан асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Тәуелсіздігімізді нығайтып, Елімізді одан әрі өркендету - қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан, біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі - өздеріңіз! Жаңа ғана жастардың бір топ өкілі түрлі өзекті тақырыптарда жақсы сөз сөйледі, ұтымды пікірлер айтты. Мен барша жастарды мақтан тұтамын. Биылғы жылдың мән-маңызы ерекше болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен барша ел болып Жастар жылын өткіздік. Бәріміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Жалпы, еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау - менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар - еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өсиетін үнемі есте ұстау керек. Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылды. Осы маңызды жыл аясындағы жобаларды іске асыру кезінде даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық. Мемлекеттік органдар бірнеше маңызды бағыттар бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, тұрғын үй, жұмыспен қамту, сапалы әрі қолжетімді білім беру ісін қолға алдық. Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру туралы шешім қабылданды. Оны жалға алу құны айына 15 мың теңге ғана болады. Биыл 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|