|
|
|
28.11.2024 Тіліміздің мәртебесін көтеру өз қолымызда
Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп белгіленген. Сондай-ақ, 93-бабында «Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті» деп көрсетілген. Конституцияның бұл ережелері осы Бағдарламаның әзірленуіне және іске асырылуына басты негіз болып табылады. Қазақстан Республикасында қолайлы әлеуметтік- тілдік кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылған. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету болды. Осы Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының одан әрі дамуын қамтамасыз етті: 1) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы айтарлықтай кеңейді: қазақ тілінде оқытып, тәрбие беретін ұйымдар - 5644, мектептер - 3798, мемлекеттік тілді оқыту орталықтары - 90; 2) іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру белсенді жүзеге асырылуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы шамамен 93 %-ті құрайды); 3) 246 баспа жобасы іске асырылды, олардың ішінде 72 оқу-әдістемелік құрал, 49 балаларға арналған кітап, 46 салалық сөздік және 70 танымдық, ғылыми, публицистикалық кітап жарық көрді. «Қазақ сөздігі» атты қазақ тілінің бір томдық үлкен түсіндірме сөздігі және инновациялық негізде әзірленген «Даналық әліппесі» атты оқыту кешені жарық көрді; 4) реалити-шоулар, қазақ тілін оқыту сабақтары, анимациялық фильмдер және т.б. бірқатар тележобалар іске асырылды; 5) IELTS (Ұлыбритания) және TOEFL (Америка Құрама Штаттары) үлгісі бойынша тілді бағалаудың көпдеңгейлі «Қазтест» жүйесі әзірленді. Бұл жүйенің шеңберінде тіл үйренушінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын Ұлттық стандарт әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Ұлттық стандартта лауазым, кәсіп, мамандық иелерінің қазақ тілін қай деңгейде меңгеру қажеттігін анықтайтын тізбе белгіленді. Ұлттық стандарттың негізінде Ересектерге қазақ тілін оқытудың үлгілік бағдарламасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді және тілді оқыту процестері мен әдістемелік құралдар мазмұны жүйеленді, әрбір тілдік деңгей бойынша лексикалық минимум әзірленді; 6) мемлекеттік тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы әзірленді; 7) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін үйренуі үшін жүйелі түрде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы мен өнер фестивалі өткізілді, сондай-ақ шетелдегі отандастардың тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізілді; 8) қазақтілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында құрылған интернет-ресурстар (сервистің 20-дан астам түрі) үнемі жаңартылып тұрады. Мәселен, «Tilalemi.kz» және «Atau.kz» ономастикалық, «Emle.kz» орфографиялық, «Termincom.kz» терминологиялық порталдары кең қолданысқа ие болды; 9) мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілді қашықтан оқыту курстарының саны ұлғайды; 10) мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығайды. мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) контентінде электрондық БАҚ-та қазақ тіліндегі хабар көлемі, сондай-ақ баспа БАҚ-та мемлекеттік тілдің үлесі 73 %-тен жоғары; 11) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды. Сонымен бірге осы кезеңде (2011 - 2019 жж.) Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бірқатар проблемалы аспектілер айқындалды. Бүл: қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің біркелкі болмауы, әлеуметтік-коммуникативтік ортада мемлекеттік тілді қолдануды ынталандырудың төмен болуы. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелерді шешу, ең алдымен, халықаралық коммуникация, туризм, заңнама, білім беру, отбасылық тәрбие және демалыс саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану салаларын кеңейтуге, сондай-ақ оны ғылым, медицина, сауда және жаңа технологиялар саласында дамытуға байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату, мемлекеттік тілді рухани-мәдени құндылық ретінде дәріптеу маңызды міндеттер болып табылады.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы А.Б. Сабетова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |