«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында: 2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) пестицидтердің шығыс нормасы - өңделетiн алаң бірлігіне пестицид массасы немесе көлемі (гектарға/тоннаға/шаршы метрге килограмм немесе литр);»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Пестицидтердi ұсақмөлдекті сынақтардан өткізуге арналған өтiнiмге: 1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке қысқаша дерекнама; 2) өтінім берілген пестицидтердің өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері; 3) өтінім берілген пестицидтердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдiстемелік нұсқаулар; 4) пестицидтi өндіруші елде пестицидтi және оның әсер етуші заттарын өндіруге рұқсатты куәландыратын құжат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|