Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» № 438/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 317/8 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабы 15) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Павлодар облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» № 438/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А. Қ. Әміринге жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А. Е. Оразбек 2019 жылғы 1 қараша
2019 жылғы 20 қарашадағы № 334/3 қаулысына қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|