|
Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5840 болып тіркелген) қаулысы күші жойылды деп танылсын. 3. «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін, Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|
||||||||||||||||||||||||||