Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы қалпына келтіру құны - есептілік күніне активті сатып алу нәтижесінде мемлекеттік мекемеде туындауы мүмкін шығындар; 2) айырбасталатын операциялар - бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге/қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, көрсетілетін қызметтер немесе қолдануға басқа активтерді ұсыну түрінде); 3) айырбасталмайтын операциялар - айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияларды жүзеге асырғанда мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады; 4) активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар; 5) активтi алмастыру құны - активтiң жалпы сервистік әлеуетін алмастыру үшiн қажет құн; 6) активтiң құнсыздануы - амортизация арқылы болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындарды жүйелі түрде танудан асып түсетін болашақ экономикалық пайдалардағы немесе активтің сервистік әлеуетіндегі шығындар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|