Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 216/НҚ бұйрығына 4-қосымша
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 842/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Зымыран-ғарыш техникасы мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін пайдалану» кәсіби стандарты
1. «Зымыран-ғарыш техникасы мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымының объектілерін пайдалану» кәсіби стандарты ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлердің (мамандардың) біліктілік деңгейіне, құзыреттілігіне, мазмұнына, еңбек сапасы мен жағдайына қойылатын талаптарды айқындайды. Кәсіби стандарт: кәсіби қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, еңбек нарығының жаңа технологиялары мен қажеттіліктерінің пайда болуын еске ала отырып, біліктілік талаптарын нақтылау; ғарыш саласындағы қызметкерлердің (мамандардың) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара әрекеттесуін реттеу; мамандардың білім беру стандарттарын, даярлау бағдарламаларын, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлауын әзірлеуге арналған талаптарды регламенттеу; персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде ғарыш саласындағы қызметкерлердің құзыреттілігін бағалауға арналған талаптарын регламенттеу; персоналды басқару саласындағы міндеттердің кең шеңберін шешуге, еңбек сапасының, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, уәждемесі мен ынталандыруының жүйелерін және басқаларды құруды қамтамасыз етуге арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға жұмыскер дайындығының, оның білімі, машықтары және дағдыларының дәрежесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|