Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 334 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының желілік университетін құру және оның жұмыс істеуі туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге сәйкес әрекет ете отырып, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты көтермелеу және одан әрі дамыту Тараптардың ортақ мүдделеріне сай келетін атап өте отырып, 1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бірыңғай (ортақ) білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып, ТМД кеңістігінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бірлесіп іске асырудың табысты тәжірибесін ескере отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің білім беру ұйымдарының/мекемелерінің (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) ресурстарын пайдалана отырып, жоғары білімнің бірлескен білім беру бағдарламаларын, қосымша кәсіптік бағдарламаларды/қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі - бірлескен білім беру бағдарламалары) іске асырудың желілік нысанын енгізу жолымен кадрлар даярлаудың сапасын арттыруға өзара ұмтылысты білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар жоғары білім берудің мамандықтары және (немесе) бағыттары бойынша, қосымша кәсіптік бағдарламалар/қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін мүдделілігі басым бірлескен ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру мақсатында ТМД желілік университетін (бұдан әрі - ТМД ЖУ) құрады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|