ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқбұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 235-нқ бұйрығына 7-қосымша
Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив
1. Осы «Құрылыстағы сметалық жалақыны есептеу жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі - Мемлекеттік норматив) құрылыстың сметалық құны құрамындағы сметалық жалақыны айқындауға арналған. 2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты құрылыстағы сметалық жалақының шамасын айқындау кезінде бірыңғай әдістемелік негіз жасау болып табылады. 3. Мемлекеттік нормативтің ережелері мемлекеттік инвестициялар есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілерінің қолдануы үшін міндетті болып табылады. 4. Басқа көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілер үшін Мемлекеттік норматив ұсынымдық сипатқа ие болады және құрылыстың сметалық құнының құрамындағы және орындалған жұмыстар үшін есептердегі жалақының шамасын айқындау кезінде анықтамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. 5. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 2) еңбекке ақы төлеу - қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|