Қарағанды облысының жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн 2018 жылға арналған төлемақы ставкалары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) және облыс әкімінің орынбасарына (С.Ж. Шайдаров) жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының XIV сессиясының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 287 шешімімен бекітілген
Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2018 жылға арналған төлемақы ставкалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|