Әлеуметтік әмиянды енгізу және тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жол картасын бекіту туралы
ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 490-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік әмиянды енгізу және тауар өткізу жүйесін құру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол карта) бекітілсін. 2. Жол картасын орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары: 1) жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын; 2) тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің цифрландыру департаменті Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Жол картасының орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберсін. 4. Жол картасының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|