Осы редакция 2018 жылғы 13 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына 3-қосымша
«Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген
1. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшелері), сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын қайтарып алу туралы хабарлама. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|