«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исаховқа жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 1635 қаулысымен бекітілген
«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1.«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|