Алматы қаласында субсидиялауға жататын әлеуметтiк маңызы бар автомобиль қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесін айқындау туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХI сессиясының 2017 жылғы 6 қазандағы № 159 шешiмiмен күші жойылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тарифтердің қолжетімді деңгейін, қалалық және қала маңы қатынастарында халықтың еркін жүріп-тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында субсидиялауға жататын әлеуметтiк маңызы бар автомобиль қатынастарының 2017-2019 жылдарға арналған тізбесі айқындалсын. 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін (келісім бойынша). 4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|