Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7157 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырда «Простор-Atbasar» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Бекбаевқа жүктелсін. 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т. Боранбаев
Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/2 қаулысына 1 қосымша
Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 қаулысына 1 қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|